Украинадағы қазақстандықтардың жағдайы: Соңғы мәлімет
Украинаның әр түкпірінде әлі де отандастарымыз бар. Әсіресе жағдайы тұрақсыз Сумы қаласындағы жалғыз студентке елшіліктің көңілі алаң.
Жалпы, бүгін 175 азамат елге қайтарылды. Ал 2 сағаттай бұрын тағы 40 қазақстандық консулдық алдынан автобусқа отырып жолға шықты. Сондай-ақ 144 адам қазір Польша аумағында. Олар ертеңгі рейске дайындалып жатыр.
Мұның сыртында өз бетінше Львовқа келе жатқан 30-дай адам бар. Ондағы дипломатиялық корпус өкілдері жерлестердің аман-есен оралуына барынша жағдай жасап жатыр.
Дархан Қалетаев, Қазақстанның Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі:
Ана қалада бір отбасы, мына қалада 3-4 адам, тағы бір қалада 1 адам. Ең ауыр жағдай Сумы деген қалада бір студент баламыз бар. 19 жаста. Ең ауыр жағдайдың бірі сол. Қалғанын жан-жақтан шешіп жатырмыз. Одесса арқылы қазақстандықтар Молдоваға өтті. Елшілік қызметкерлері оларды Румынияға жіберіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
13.08.2026, 20:14
Елімізде туберкулез көрсеткіші 10 жылда 51,7%-ға төмендеді
13.08.2026, 20:09
Нұрай Серікбайды өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды
13.08.2026, 20:07
Ақтөбеде әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан тұрғын қамауға алынды
13.08.2026, 20:07
208 қатысушы ұлттық қолөнердің сырын үйренді
13.08.2026, 20:06
Құзырлы мекемелерде кадрлық ауыс-түйіске мораторий енгізіледі деген ақпарат – жалған
13.08.2026, 20:06
65 жастан асқан көлік жүргізушілерге жаңа талап енгізіледі
13.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталуға жақын
13.08.2026, 20:04