Ресейде азық-түлік бағасы 30-40 пайызға қымбаттады
Ал ресейліктер санкцияның салқынын сезіп жатыр. Көрші елде азық-түлік бағасы 30-40 пайызға қымбаттады. Ал дүкендерде банк карталарымен төлем жасау қиындап кетті. Мәскеудегі тілшіміз Индира Бегайдар бізбен байланыста.
Индира Бегайдар, тілші:Санкциялардың кесірінен инфляция 7 пайыздан асты. Кеше ғана 75 рубль болған доллар, бүгінде 128-130 дан сатылып жатыр. Ресейге компьютерлер мен бағдарламалық жасақтау экспортына тыйым салынғандықтан, техникаға сұраныс күрт өстіп кетті. Автокөліктердің де бағасы 20-30% ға қымбаттады.
Александр Соколов, сарапшы:Жүйе өзгерді, барлық жоспарлар бұзылды. Бірақ бұл өндіріс тоқтайды деген сөз емес, тек уақыт керек. Санкциялардың салдары ешкімге оңай тимейтіні түсінікті. Кәсіпкерлердің 50-60 пайызы зардап шегеді, банкротқа ұшырайды. Жағдайды бірнеше тұрақтандыру үшін бірнеше ай жұмыс істеу керек.
Ресейліктер есеп-шоттарынан 1.4 трлн рубль шешіп алған. VISA және Mastercard төлем жүйелерінің картасымен байланыссыз төлем жасау енді мүмкін емес. Бірнеше банк несие рәсімдеуге өтінімдерді қабылдауды тоқтатты. Ал Мәскеуде азық-түлік таусылуға жақын. Сондықтан енді дүкендерде ұн, қант сияқты әлеуметтік маңызы бар тауарларды сатуға шектеулер енгізілді. Яғни бір адамға бес келіден артық сатылмайды.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
13.08.2026, 20:14
Елімізде туберкулез көрсеткіші 10 жылда 51,7%-ға төмендеді
13.08.2026, 20:09
Нұрай Серікбайды өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды
13.08.2026, 20:07
Ақтөбеде әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан тұрғын қамауға алынды
13.08.2026, 20:07
208 қатысушы ұлттық қолөнердің сырын үйренді
13.08.2026, 20:06
Құзырлы мекемелерде кадрлық ауыс-түйіске мораторий енгізіледі деген ақпарат – жалған
13.08.2026, 20:06
65 жастан асқан көлік жүргізушілерге жаңа талап енгізіледі
13.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталуға жақын
13.08.2026, 20:04