Павлодарда диірмендерде бидай тапшы
Павлодарда ұн өндірушілер бірер аптада жұмысын тоқтатпақ. Себебі, бидай жоқ дейді олар. Сондықтан кәсіпкерлер астықты экспорттауға тыйым салуды сұрайды.
Жанар Серімова, диірмен иесі:Үш жылдан бері Ресей елінен алып жатырмыз. Біздің бидай басқа елдің трейдерларымен әкетіледі. Ауғанстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз еліне. Сол мәселеден бүгін біз бәріміз бидайдан қалып тұрмыз. Ешкімде қазір бидай жоқ.
Ал, астық өсіретін дихандар кері пікірде. Павлодардағы ондаған диірмен иелері Ресейден арзан бидай сатып алып, тартылған ұнды экспортқа жібереді. Өздері егін салмайды. Дәл қазіргі уақытта шекаралас ел өнім бағасын қымбаттатқан. Ұн өндірушілердің байбалам салып жатқан себебі сол-дейді.
Ерлан Тоқтышақов, диқан:Президенттің астық экспортын үш есеге ұлғайту керек деген тапсырмасы бар. Соны орындауымыз керек. Диірмен иелерінің талабы орынсыз. Павлодарда бидай бар. Тек олар бізге тиімді бағамен алғылары келмейді. Арзанға сұрайды. Ал, бидайды шет елге шығаруға тосқауыл қою деген мүлдем қисынсыз. Бұл Қазақстанның экспорттық әлеуетін әлсіретіп жібереді.
Ал, ауыл шаруашылығы басқармасы жергілікті диірмендерде бидай жеткілікті, аймақта ұнның тапшылығы жоқ деп мәлімдеді.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді
02.11.2026, 20:23
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке жарысқа барған 15 футболшы астан уланды
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18