Отандастарымыз Украинадағы Қазақстан елшілігіне алғысын білдірді
Отандастарымызды елге жеткізу жұмыстары жалғасын табады. Бірақ қазақстандықтар енді лек-легімен емес, 4-5 адамнан ғана тасымалданады. Жерлестерімізді Львовқа жеткізуге жолдағы кептеліс кедергі келтіріп жатыр. Ал елге аман сау келгендер бастарынан өткен жағдайды баяндап, елшілікке алғысын жаудыруда.
Александр Грабовский:
Біз алғашқылардың бірі болып елге жеттік. Әйелімнің айы-күні жақын. Жағдай қиын болды. Тұла бойымызды қорқыныш биледі. Атыс дыбыстарын естідік. Польшадан өткен соң ғана сабырға келе бастадық. Елге келіп Украина елшілігі арқылы гуманитарлық көмек жіберіп жатырмыз. Ол жақта қаншама туыстарым, достарым қалды. Біз де біраз күн метрода түнеген едік. Сондықтан қолдан келген көмекті аянып қалмаймыз.
Эльмира Мамриева:
Мен де, ата-анам да, Киевтегілер де әлі ес жия алмай жатырмыз. Өмірімде мұндай сұмдықты көрмеппін. Тапа тал түсте, аяқ-асты кинодағыдай атыс-шабысты көру өте ауыр. Бұл жағдайдан соң, өзімнің еліме керек екенімді сезіндім. Бізді далада қалдырмай, аман-есен жеткізген елшілік қызметкерлеріне мың алғыс. Жолда жанашыр адамдарды көп кездестірдік. Бірі шайын әкеліп, бірі ыстық нанын беріп жатты. Бейбітшіліктің, тыныштықтың қадірін түсіндім.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықаралық цирк фестивалінің жеңімпаздары анықталды
27.07.2026, 17:09
Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа келді
27.07.2026, 17:08
Ғылымды дамытуға арналған кешенді жоспар жобасы таныстырылды
27.07.2026, 17:05
Ел жаңалықтарына шолу
27.07.2026, 17:04
Жарқайың ауданында ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 50 млрд теңгеден асты
27.07.2026, 17:02
Токиодан бөлек, тағы бір астана құрылмақ
27.07.2026, 17:01
Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды
27.07.2026, 17:01
Нью-Йорктегі өрттен 21 адам зардап шекті
27.07.2026, 17:00