«AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы өз жұмысын бастады
«AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы өз жұмысын бастады. Мақсаты - азаматтармен кері байланысты күшейту. Алғашқы болып Қарағанды және Ақмола облыстарының 10 шалғай ауылында тұрғындарды қабылдау жүргізілді. Бір күнде 100-ге жуық адамның өтініші тыңдалды. Басым көпшілігі әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер, жұмыспен қамту, еңбек құқығының бұзылуына шағымданды. Алдағы үш айда өңірлерді аралап шығу жоспарда бар. Мәслихат депутаттары - фракция өкілдері мен саяси кеңес мүшелері, қоғамдық кеңестер мен мемлекеттік органдардың өкілдері тұрақты түрде көшпелі қабылдаулар өткізеді деп жоспарланған.
Азамат Біржанов, «Аmanat» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары:
«AMANAT» партиясына өткен жылы 175 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Оның 60%-ы оң шешімін тапты. Осы жылдың 2 айында 25 мыңға жуық өтініш түсті.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01