Бүгін Мемлекет басшысы халыққа Жолдау жариялайды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялайды. Қазір бізбен әріптесім Саламат Омаш тікелей эфирге шығуға дайын. Саламат, биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі қандай болмақ?
Саламат Омаш, тілші:
Мемлекет басшысының Жолдауына бір сағаттай уақыт қалды. Қазір Үкімет мүшелері, депутаттар, журналистер қауымы мына ғимараттың ішіне жиналып жатыр. Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың бағдарламасы айтылмақ. Басты ерекшелігі сол. Сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар да назардан тыс қалмайды. Біз Қасым-Жомарт Тоқаевтың партия сьезінде, Үкімет пен Парламент отырысында сөйлеген сөздері мен бастамаларына куә болып жүрміз. Дегенмен, бұл Жолдаудың мәні бөлек болғалы тұр. Бұған дейін Президент 2019, 2020, 2021 жылдың қыркүйек айларында Жолдау жасаған. Бірақ ол кезде елдегі пандемияға байланысты жолдаулар онлайн форматта болған, яғни ешкім қатыспаған. Ал бүгінгі төртінші жолдауды Қасым-Жомарт Тоқаев офлайн, яғни депутаттардың, жалпы көпшіліктің алдына шығып жасайды. Бастапқыда Президент саяси реформалар бағдарламасын күзде жариялаймын деген. Бірақ, Қаңтар оқиғасынан кейін күттірмейтін мәселелер бары бәрімізге белгілі. Сол себепті бүгін естиміз ол реформаларды. Президент жолдауы сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04