Президент бұдан былай барлық ұлттық жобалар мен стратегиялық құжаттарды ашық талқылауға шығаруды тапсырды
Жолдаудағы жаңа бастамалар еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын едәуір өзгертеді. Бұл тапсырмаларды іске асыру үшін мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың бірлесе жұмыс істеуін күшейткен абзал-деді Президент. Бұл азаматтық қоғам институттарының жүктемесін ұлғайтады. Үкіметтік емес сектор өте маңызды әлеуметтік мәселелерді көтеріп қана қоймай, олардың кешенді шешілуіне ықпал жасай алатын болады. Сондықтан қоғамдық ұйымдар мен белсенді адамдарды реформаларды дайындау және іске асыруға жұмылдыру керек. Мемлекет басшысы бұдан былай барлық ұлттық жобалар мен стратегиялық құжаттарды ашық талқылауға шығаруды тапсырды.
Күнтуған Еркебұлан, Еріктілер аймақтық фронттық офисінің жетекшісі:Көп жағдайда бұл саяси институттардың немесе бір саясаткерлердің талқылауымен ғана өтетін жүйе болып қалыптасты. Халықтың мүддесін сол мемлекеттік билікке реформа құру кезінде тікелей жеткізуді бұл мемлекеттің даму жолындағы ерекше бір байланыс болады деген үміттемін. Өйткені, кез келген саяси реформа жалықтың жағдайын жақсартуға арналуы керек.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке жарысқа барған 15 футболшы астан уланды
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18