Ақмола облысында екі ірі жол апаты болды
Кеше боран салдарынан Ақмола облысында екі ірі жол апаты болды.
Нұр-Сұлтан-Бурабай тас жолында Бозайғыр ауылы маңында 16 көлік соғылған. Ал Қосшы қаласы жанында бір мезетте 10 машина зақымданған. Ауыр жарақат алғандар жоқ. Облыс аумағында қолайсыз ауа райы бірнеше күн бойы сақталуда. 21-інші наурызда боранға байланысты бірнеше жол апаты болып, 3 адам көз жұмды. Оның екеуі 2019 және 2020 жылы туған балалар. 20 шақты адам түрлі дене жарақаттарын алды. Болжам бойынша алдағы күндері де қатты жел тұрып, боран болуы мүмкін.
Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Әулиекөл, Аманкелді аудандарының аумағында жолда қалған 52 адам қауіпсіз жерге жеткізілген. Медициналық көмекке жүгінгендер жоқ, бәрі дін-аман.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлеуметтанулық зерттеу – қазақстандықтар Президентке жоғары деңгейде сенім білдіреді
10.08.2026, 14:05
Әлемнің мықты дзюдошылары Қазақстанда жаттығуда
10.08.2026, 13:25
Оқушыларға тазалық дағдылары ойын арқылы түсіндіріледі
10.08.2026, 13:21
Ертіс – Баян өңірінде Абай әндері шырқалды
10.08.2026, 13:18
Сицилия жағасынан 2 ғасыр бұрынғы кеме табылды
10.08.2026, 13:15
Қытайдағы тайфун салдарынан миллионнан аса адам эвакуацияланды
10.08.2026, 13:12
«Қазгидромет» күн райына қатысты ескерту жасады
10.08.2026, 13:10
Ерекше қажеттіліктері бар сайлаушыларға жағдай жасалуда
10.08.2026, 13:07