Қарағанды облысындағы Саран шахтасында кенші қаза тапты
Қарағанды облысындағы Саран шахтасында топырақ опырылып, бір кенші қаза тапты. Полиция қауіпсіздік қағидаларының бұзылуы, абайсызда адам өліміне әкеп соғуы фактілері бойынша іс қозғады. Сондай-ақ кәсіпорында құрылған арнайы комиссия да тексерісті бастады.
Еске салсақ, 2016 жылы дәл осы Саран шахтасында апат болып, салдарынан төрт адам қаза тауып, бесеуі жарақат алған болатын.
Айзада Жұмабекова, облыстық Еңбек инспекциясының баспасөз хатшысы:
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің машинисі Талғат Бертагинмен болған жазатайым оқиға фактісі бойынша Қарағанды облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторының өкімімен арнайы тексеру жүргізу жөніндегі комиссия тағайындалды. Жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептері арнайы тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін айқындалады. Бұл туралы қосымша хабарланатын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлеуметтанулық зерттеу – қазақстандықтар Президентке жоғары деңгейде сенім білдіреді
10.08.2026, 14:05
Әлемнің мықты дзюдошылары Қазақстанда жаттығуда
10.08.2026, 13:25
Оқушыларға тазалық дағдылары ойын арқылы түсіндіріледі
10.08.2026, 13:21
Ертіс – Баян өңірінде Абай әндері шырқалды
10.08.2026, 13:18
Сицилия жағасынан 2 ғасыр бұрынғы кеме табылды
10.08.2026, 13:15
Қытайдағы тайфун салдарынан миллионнан аса адам эвакуацияланды
10.08.2026, 13:12
«Қазгидромет» күн райына қатысты ескерту жасады
10.08.2026, 13:10
Ерекше қажеттіліктері бар сайлаушыларға жағдай жасалуда
10.08.2026, 13:07