Павлодарда көтерме саудамен айналысатын кәсіпорындар қарақұмық бағасын негізсіз көтерген
Павлодарда көтерме саудамен айналысатын кәсіпорындар қарақұмық бағасын негізсіз көтерген. Және бұл бірінші рет емес. Екі жыл қатарынан, сондай-ақ, биыл қаңтар-ақпан айларында қымбатшылықты қолдан жасаған. Өңірлік бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті нақты дәйектермен дәлелдеген. Өкілетті органның мәліметіне қарағанда, саудагерлер өзара ымыраласып, бір мезгілде жеке дүкендерге өнімді қымбат бағамен беріп отырған.
Бейбіт Молдабеков, Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы:
Өңірдің ішкі нарығында қарақұмық өнімін сату бойынша 50 пайыздан астам үлесі бар бұл екі серіктестіктің. Олардың бірі бағаны 5 пайызға, ал, екіншісі 23,8 пайызға еш себепсіз қымбаттатып жіберген. Оларға хабарлама жіберілді. Дереу арзандату жөнінде. Заңды мерзімінде орындалмаса тергеу жүргізіледі.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке жарысқа барған 15 футболшы астан уланды
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18