Араб-Израиль саммиті өтеді
Бүгін Израильде тарихи Араб-Израиль саммиті өтеді. Оған еврей мемлекетімен байланысын қайта жақсартқан Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Марокко, Мысыр өкілдері қатысады.
Осылардың алдыңғы үшеуі Трамп әкімшілігінің арағайындығымен 2020 жылы «Абрахам келісімі» аясында Израильмен қатынастарын қалыпты жағдайға келтірді. Алдағы жиында тараптар екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай нығайту мәселесін талқылайды.
Саммитке қатысу үшін Таяу Шығысқа АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен де барды. Америка бас дипломатының бұл сапарының негізі мақсаты – Украина үшін Араб әлемінен қолдау табу және Иранмен қайта жасалуы мүмкін ядролық келісімнің осы аймақ үшін қауіпті еместігіне одақтастарын сендіру.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан шахматшылары бесінші рет жеңіске жетті
21.09.2026, 17:38
Түркістан облысында бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлінген
21.09.2026, 17:33
Астанада Олимпиада жүлдегерлері ағаш екті
21.09.2026, 17:30
Биыл ШҚО-да 6 млн-нан аса көшет еккен
21.09.2026, 17:27
Халал өнім өндірісі мен экспорты артып келеді
21.09.2026, 17:25
Нобель лауреаты қазақ оқырмандарға үндеу жолдады
21.09.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
21.09.2026, 17:20
Қарағанды өңірінде 8 өрт сөндіру бекеті іске қосылған
21.09.2026, 17:17