Ақпанда ел азаматтары 200 миллиард теңгеге шетел валютасын сатып алған
Теңге тағы нығая түсті. Бүгін таңғы саудада Ұлттық ақшамыз долларға шаққанда 5 теңгеге, кейін тағы 4 теңге 70 тиынға қымбаттады. Осылайша бір тәулікте 10 теңгедей нығайып отыр. Қазір бір доллар 484 теңге 40 тиын, еуро - 543 теңге 70 тиын, рубль - 4 теңге 80 тиын. Ал валюта айырбастау орындарында доллар ресми бағамнан сәл арзанырақ. 481, 483 теңгеден сатылып жатыр. Сарапшылар болса, қарапайым азаматтарға алып-сатарлықпен айналыспауға кеңес беріп отыр. Мәселен ақпанда ел азаматтары 200 миллиард теңгеге шетел валютасын сатып алған. Қаржы нарығындағы жағдай тұрақсыз. Айтуларынша жыл соңына дейін Ұлттық валютамыз керісінше долларға шаққанда 440 теңгеге дейін нығаюы мүмкін.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01