Басты Жаңалықтар СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды

СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды

Солтүстік Қазақстан облысында дәстүрге айналған «Ұлы дала астығы» семинар-кеңесі өтті. Ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды шараға  еліміздің түкпір-түкпірінен 3 мыңнан астам адам қатысты. Басқосуда диқандар тәжірибе алмасып, алдағы күзгі орақ науқанына дайындық барысын талқылады.

Семинар аясында ауыл шаруашылығы техникасы мен заманауи технологиялардың көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар отандық және шетелдік өнімдерімен танысып, тыңайтқыштарды тиімді қолдану тәсілдері жөнінде ақпарат алды. Көпшілікке егіншілікке енгізіліп жатқан инновациялық технологиялар мен цифрлық мүмкіндіктер таныстырылды.

Берік Ыбыраев, шаруа:

Мұнай шаралардың өзі көп пайдасы тиеді. Ойға түйгеніміз бар, енді сол алғандарды, ойларымызды шаруашылықта қолданамыз деп ойлаймын.

Биыл семинар-кеңес Аққайың ауданындағы Дайындық ауылында ұйымдастырылды. Диқандардың айтуынша, ауа райы қолайсыз болғанымен, мол өнім алуға мүмкіндік бар. Қазір шаруалар күзгі орақ науқанына қызу дайындалып жатыр.

Біржан Шәмерденов, шаруа:

Үлкен жұмыстың алдында старт беріледі. Осыдан кйін бәріміз уборкаға кірісіп кетеміз. Былтырғыдан кем болмайды деп ойлаймыз. Бас кезінде жауындар аз болды, бірақ аяғында бәрі түзеліп кетті.

Солтүстік Қазақстан облысында 3 мыңнан астам агроқұрылым жұмыс істейді. Биыл өңір диқандары 4,4 миллион гектар алқапқа егін екті. Оның басым бөлігін дәнді дақылдар.

Дәурен Тоққожинов, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Майлы дақылдар көлемі бойынша өңір республикада көш бастап тұр. Рапс, зығыл, күнбағыс егіледі. Егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл республика бойынша ауыл шаруашылығы саласына 1 трлн теңгеден артық қаржы бөлінді.

Саланы қаржалындыру көлемі жыл сайын артып келеді. Биыл Солтүстік Қазақстан облысына «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша  200 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Басты мақсат – мемлекет басшысы атап өткендей, ауыл шаруашылы саласын еліміздің экономикалық өсімінің драйверіне айналдыру.


Бөлісу