Қостанай облысында төтенше жағдай қызметкерлері тәулік ішінде 20 рет жолға шыққан
Әсіресе оңтүстік аудандарда екі аптадан бері тоқтаусыз соққан жаяу бұрқасынға тұман мен көктайғақ қосылып жағдайды ушықтырды. Өңірден Дәуренбек Әбдібек бізбен тікелей байланыста.
Дәуренбек Әбдібек, тілші:
Әзірге зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ. Әйтсе де наурыз айы болғалы боран жиі соғып, қатынас қиындап тұр. Бізге жолда қалған жүздеген адам мен көліктердің қауіпсіз жерге жеткізілгені жайлы ақпарат күн құрғатпай келеді. Әсіресе Аманкелді, Жанкелдин, Қамысты Наурызым аудандары мен Арқалық қаласы жақта жаяу бұрқасын бірнеше күннен бері тоқтаусыз соғып тұр. Кеше облыс аумағында жел күшейіп, соңы боранға ұласты. Соның кесірінен 159 адам жолда қалған. Оның 39-ы бала. Бәрі де аман-есен қауіпсіз жерге жеткізілді. Медициналық көмекке жүгінгендер жоқ. Оларды құтқару үшін төтенше жағдай қызметкерлері тәулік ішінде 20 рет жолға шыққан.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10