Қазақстанның ұн экспорты азайған
Көрші елдер Қазақстанның бидайын сатып алып, астық өңдеуді дамыта бастады. Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстан ұн жеткізуге кедергі келтіріп отыр. Өткен 8 жылда Өзбекстанға бидай экспорты 658 мың тоннадан 3 млн-ға дейін өскен. Ал,Тәжікстанға 218 мыңнан бастап, ақыры 1 млн тоннадан асқан. Салдарынан ұн өткізу көлемі кеміді. Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдаған мәжілісмен Аманғали Бердалин тарифке қатысты мәселелерді пысықтау қажеттігін айтты. Сондай-ақ ішкі нарықта астық сатуды ынталандыру керектігін де алға тартып отыр.
Аманғали Бердалин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:Диірмен кәсіпорындарына бидай сатқан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы шикізатын экспорттау кезінде - 0%, ұн экспорттау кезінде – 100% (Қытай тәжірибесі бойынша) ҚҚС-ты сараланған қайтару ұсынылады. Мұндай шара қазақстандық ұн бағасының айырмасын қысқартуға және сонымен бірге Ресейден Қазақстанға астықтың көлеңкелі импортымен күресуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01