Екібастұздық дәрігерлер 10 ноутбук сатып алмақ болған
Екібастұздық дәрігерлер жұмысқа емес, көбінесе ойын немесе түрлі бейнеролик дайындауға арналған, видеокартасы және процессоры мықты ноутбуктер сатып алмақ болған. Бірақ ойлары орындалмады. Аймақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті олардың жолын кесті. Өкілетті орган қалалық аурухананың ғаламторға шыққан конкурстық жарияланысымын бірден тоқтатқан. 10 ноутбукке 3 млн 900 мың теңге жұмсау – бюджет қаржысын шаша салумен бірдей. «Әр гаджетті 2 есе қымбат бағаға алмақ болған», – дейді департамент қызметкерлері.
Мұратбек Қасымов, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:
Бағалары 390 мың теңге көлемінде белгіленген. Негізгі нарықтағы бағасы 180 мың теңге. Ешқандай қылмыстық іс қозғалған жоқ. Бұл мемлекеттік мекемелерге өзіміздің хаттарымызды енгіздік. Қазіргі уақытта осы сатып алулар өз күшін жойды.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01