Елімізде инфляция 12 пайызға жетті
Елімізде инфляция 12 пайызға жетті. Бұл соңғы 6 жылдағы антирекорд. Ұлттық банк төрағасының айтуынша бұған азық-түлік бағасының қымбаттауы әсер еткен. Ғалымжан Пірматовтың дерегінше ол 15,4 пайызға дейін шарықтаған. Әсіресе орамжапырақ, қант, картоп, қызанақ бағасының айтарлықтай өскені байқалады. Ал өсімдік майы мен дәнді дақылдар бағасының рекордтық көтерілуі тіркеліп отыр. Әрине бұған Ресей-Украина арасындағы жағдай себеп. Санкциялардың кесірінен тауар тасымалы қиындап, қымбатшылық қысты. Сол үшін Пірматов биыл инфляциялық қысым сақталады дейді. Айта кетейін, тек Қазақстан ғана емес, Еуропа елдері мен АҚШ-та да инфляция өсіп, 8 пайызға жетті. Америкада мұндай жағдай соңғы 40 жылда алғаш рет тіркеліп отыр.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01