Ұлыбритания премьер-министрі карантин талабын бұзғаны үшін айыппұл төледі
Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон мен Қаржы министрі Риши Сунак қатаң карантиндік шектеулер кезінде сауық кештерге қатысқаны үшін айыппұл төледі. Ал, оппозиция олардың отставкаға кетуін талап етуде.
Марина Бекенова, тілші:
Үкімет басшысының ресми резиденциясы орналасқан Даунинг стриттегі көңіл көтеру кешінде төбе көрсеткені үшін Премьер-министрдің әйелі Кэрри Джонсон да жауапқа тартылмақ. Ол екі жыл бұрын жазда жұбайының туған күнін тойлауға барған. Лондон қаласының полиция қызметі коронавирустық шектеулерді бұзып, барлығы 12 сауық кешіне қатысқаны үшін бірқатар мемлекеттік шенеунікті жазалауға бекініп отыр. Бұған дейін 50-ден астам ақжағалының айыппұл арқалағаны белгілі. Борис Джонсон болса, ережелерге бағынбағандығын мойындамайды. Бірақ көпшілік алдында кешірім сұрады.
Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі:
Мен айыппұлымды төледім және тағы да кешірім сұрағым келеді. Шынымды айтсам ол кезде шектеулерді бұздым деген ой келмепті. Мойныма жүктелген міндетімді соңына дейін орындап, бүгінгі таңдағы мәселелердің шешілуіне күш салғым келеді.
Оппозициялық Лейборшылар партиясының көшбасшысы Кир Стармер, Шотландияның бірінші министрі Никола Стёрджен, тіпті Лондон қаласының мэрі Садик Хан да Джонсон мен Сунактың қызметтен кетуін талап етуде. Либерал-демократтардың көшбасшысы Эд Дейви Пасха каникулында демалып жатқан парламентті Премьер-министрге сенімсіздік вотумын жариялау үшін жиналуға шақырды. Бұған дейін Джонсонның 20-ға жуық партияласы парламент комитетіне премьерге сенімсіздік білдіріп, хат жолдағаны белгілі. Үкімет басшысын отставкаға жіберу үшін барлығы 54 дауыс керек.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты
13.08.2026, 13:03
Таразда тозығы жеткен үйлер тегін жөнделіп жатыр
13.08.2026, 13:01
Әділ сайлау – демократиялық дамудың негізі
13.08.2026, 13:00
АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
13.08.2026, 12:58
Ауғанстанда 2 миллионнан астам қыз бала білім алудан шеттетілген
13.08.2026, 12:58
Қытайда көне қаланы топан су басты
13.08.2026, 12:57
Жүргізуші куәлігіне тапсыратын емтиханды тек мемлекеттік ұйымдар қабылдайды
13.08.2026, 12:56
Ақмола облысында республикалық маңызы бар жолдарда орташа жөндеу жұмыстары аяқталды
13.08.2026, 12:55