Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Канадада өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің финалына өтті. Отандасымыз шешуші кезеңнің жолдамасы сарапқа салынған матчта дүниежүзілік рейтингте 4 орында тұрған, америкалық Кори Гауффтан басым түсті.
Бірінші сетте Коконың ойыны жүріп, 7:5 есебімен алға шықты. Алайда, матчтың келесі партиясында Елена есепті теңестірді. Шешуші сетте қазақстандық теннисші тағы да шеберлік танытып, камбэк жасады. Қарсыласы бар-жоғы 2 геймді қанағат тұтты. Осылайша, Елена Рыбакина Roland Garros, US Open және WTA-дің 2024 жылғы қорытынды турнирінде топ жарған америкалық спортшыны жарыс жолынан ығыстырды. Айта кетейік, тура 4 жыл бұрын дәл осы жарыста Гауфф Рыбакинадан басым түскен еді. Енді отандасымыз чемпиондық титул үшін поляк қызы Ига Свёнтекпен таласады. Осы уақытқа дейін олар өзара 12 рет кездескен. Есеп: 6:6. Егер Қазақстанның теннисші Торонто турнирінде жеңіске жетсе, әлемнің бірінші ракеткасы атанады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы