Ауғанстанда 2 миллионнан астам қыз бала білім алудан шеттетілген
Ауғанстанда тәліптер билікке келгелі 2 миллион 400 мыңдай қыз бала мектептердегі бастауыштан кейінгі сыныптар мен университеттерден шеттетілген. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымының мәдениет және ғылым агенттігі ЮНИСЕФ хабарлады. Оның болжамынша, тыйым жалғаса беретін болса, Ауғанстанда 2030 жылы 12-жастан кейін оқымай қалған қыздар саны 4 миллионға жетіп, бұл жағдай елдің болашағына кері әсер етпек.
«Талибан» қозғалысы билікке 2021 жылы келді. Олардың білім саясаты халықаралық аренада, соның ішінде ислам ғалымдары тарапынан үлкен сынға ұшырады.
Батыс дипломаттары бұл шектеулер жойылмаса, тәліптер үкіметін мойындауға жол бермейтінін ескертеді. «Талибан» болса, әйелдердің құқықтарын шариғат заңдары мен Ауғанстан мәдениеті шеңберінде құрметтейтінін мәлімдеп келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы