Павлодардағы өртенген мектепті жөндеуге қаржы бөлінеді
Павлодардағы өртке оранған 28-ші мектепті тез арада жөндеу үшін, облыс әкімшілігінің резервінен қаржы бөлінетін болды. Бірнеше мердігер фирма, нысанды қалпына келтіру жұмыстарына кірісіп те кетті. Естеріңізге сала кетейік, кеше таңғы 8-де физика кабинетінде тұтанған жалын, әп-сәтте шатырға тиіп, 1200 шаршы метр аумақты от шарпыды. Иіс тиіп уланған бір мұғалім және 8-ші сынып оқушысы ауруханаға жеткізілді. Алдын-ала дерекке қарағанда, мектепте өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған. Қазір оқушыларға сабақ онлайн форматта жүріп жатыр.
Әйгерім Әбенова, облыстық Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
Екі күн сабақты онлайн форматта өткіземіз. Дүйсенбіден бастап мектептің өрттен аман қалған бөлігінде оқитын болады. Ал, сыймай қалған сыныптар жақын маңдағы мектептерге арнайы автобустармен апарылады.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17