Машина жасау саласында 20-дан астам жоба іске асырылады
Машина жасау саласында 20-дан астам жоба іске асырылады. Бұл туралы Үкімет басшысының төрағалығымен өткен саланы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте айтылды. Алдағы жылдары Қазақстанда құрастырылатын автокөліктердің модельдерін көбейту көзделген. Сонымен қатар, бамперлер, орындықтар, көлік шынысы, пластиктен жасалған бөлшектер, шиналар жасауды да ретке келтіру жоспарланған. Кеңес барысында саланың өзекті мәселелері де қаралды. Ауыл шаруашылығы техникасын жасауда өндірістің толық тізбегін құру үшін кәсіпорындар арасындағы кооперацияны реттеу қажет. Әлихан Смайылов импортты алмастыру мен аймақтық нарықтарға экспортты кеңейту үшін әлеуеттің бар екенін ескеріп, салаға жан-жақты қолдау беру қажеттігін айтты.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01