Елімізде көлік салығын төлемеген азаматтардың есепшоты бұғатталады
Көлік салығын төлемеген азаматтардың есепшоты бұғатталады. Уақтылы төлемегендерге алдымен хабарлама жіберіледі. Бір айдан асқан соң 3 мың теңгеден көп салық қайтарылмаса, мәжбүрлеп өндіріп алу туралы бұйрық шығады. Борышкердің есепшоты бұғатталады. Одан кейін де берешек өтелмеген жағдайда іс жеке сот орындаушыларға беріледі. Олар негізгі қарыздан бөлек, салықтың 25%-ін қызмет көрсету ақысын ретінде өндіріп алады. Демек көлік иесі артық шығынға ұшырайды. Сондықтан Кірістер комитеті салықты уақытында төлеуге үндейді. Қазір халықтың көлік салығына қарызы 27 млрд 756 млн теңгеден асады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01