Басты Жаңалықтар Қытай астанасы Бейжіңде ондаған метро станциясы жабылып, автобустар тоқтады

Қытай астанасы Бейжіңде ондаған метро станциясы жабылып, автобустар тоқтады

Қытай астанасы Бейжіңде ондаған метро станциясы жабылып, автобустар тоқтады. Мақсаты – коронавирустың таралуын тежеп, Шанхайдағыдай миллиондаған адамды карантинге жабуға жол бермеу.

«Рейтер» агенттігінің мәліметінше, 40-тан астам метро станциясы мен 158 автобус бағыты жабылған.

Кейінгі күндері Бейжіңде тәулігіне ондаған адамнан ковид анықталып жатыр. Осыған байланысты мегаполистің 16 ауданының 12-сінде тұрғындар екінші рет жаппай тесттен өтуді бастады.

Арыстан Рысбек

Бөлісу