Зейнетақы мөлшерін 11 пайызға өсіру қарастырылуда
Егде жастағы азаматтармен қатар табысы төмен отбасыларға әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақы мөлшерін ұлғайту мәселесі Сенатта қаралып жатыр. Әлеуметтік қолдауды көбейтуге қазынадан қосымша 185 миллиард теңге сұралды. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сәкеев хабарлады. Былтырмен салыстырғанда зейнетақыны 11, басқа төлемдерді 9 пайызға өсіру көзделген. Сондай-ақ, соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлеріне де көмек қарастырылған.
Руслан Сәкеев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:Салық кодексінде, мысалы, қарастырылған жеңілдіктер бар. Одан кейін мынау жергілікті атқарушы органдарда олардың басқа да жағдайлар жасайтын көмектері бар. Мысалы, үйлеріне ремонт жасап беру, немесе жол ақысын төлеп беру. Немесе заңда көрсетілген көліктерді тіркеуде тағы басқа баж салығына байланысты жеңілдіктер бар. Ол жерде олар босатылған.
Қазір елімізде 381 екінші дүниежүзілік соғыс ардагері мен оларға теңестірілген 74 мыңнан астам тыл еңбеккері тұрады. Оларға биыл бір миллион теңге көлемінде бір реттік төлем қарастырылған.
Ламбриан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01