Кепілдегі мүліктің банк балансында болуына 3 жылдық шектеу енгізілді
Қарызды да сатып алуға болады. Заңды тұлғалардың банк алдындағы берешегін өтеп, кепілдегі мүлкін -қайта іске қосуға мүмкіндік жасалады. Мәжілісте стрестік активтерді экономикалық айналымға шығаратын заң жобасы қабылданды. Енді инвесторлар тұралап қалған өндірісті қаржы құйып қайта түлете алады. Сатып алушыларға шектеу жоқ. Тек шетелдік болса, қарызы төленген нысанды сенімгерлік басқаруға беруі міндет. Осыны реттейтін арнайы агенттікке қарасты сервистік компаниялар құрылады. Оларға да талап қатал. Аталған жұмысты атқару үшін жарғылық капитал 100 млн теңгеден жоғары болады. Қазір елімізде қаржы институттарына 2,3 трлн теңге қарыз бар. Соның тең жартысын инвесторлар игере алады.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті мәжілсінің төрағасы:
Кепілдегі мүліктің банк балансында болуына 3 жылдық шектеу енгізілді. Бұл көптеген уақыт жұмыс істемей жатқан стрестік активтерді ел экономикасына айналуына мүмкіндік береді. Екінші құны 50 млн теңгеден асатын активтерді сатып алған инвесторға оны дербес басқаруға болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01