Автонесие: Кезекке көліктің VIN-коды арқылы тіркеу талабы алынып тасталды
Жеңілдетілген автонесие бойынша 34 қазақстандық көлік алды. Ал бес мыңға жуық клиенттің өтініші мақұлданып, оған 35 млрд-тан астам қаражат жұмсалған. Бұл туралы өнеркәсіпті дамыту қорының мамандары мәлімдеді. Бағдарламаның негізгі операторы қазір автонесие алу шарттарын жеңілдеткен. Бұған дейін кезекке көліктің VIN-коды арқылы тіркеу талабы алынып тасталды. Қазір авто салондарда ұзын-сонар кезек жоқ. Несиелендірудің бірінші кезеңінде 4 пайыздық жеңілдікпен 10 мыңдай азамат көлік алады. Ал, келесі кезең несиеге автокөлік алғандардан төлем түсе бастағанда, қайта жалғасады. Қаржыландыруға 100 млрд теңге қарастырылған.
Ғалымжан Әди, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма басшысы:
Автокөліктерді шығарушылармен келіссөздер нәтижесінде көліктің VIN-коды көрсетілмейтін болды. Осының арқасында несие неғұрлым қолжетімді болады халыққа. Төлем құжатын алады. Несиесін барып жасата береді. Артынан автокөлік келген кезде оны да ала береді.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01