Ослода Қазақстанның мәдени мұрасын сақтауға үлес қосқан норвегиялық ғалымдар марапатталды
Елдің мәдени мұра агенттігінің сарапшысы Анна-София Хиген мен Тромсё университетінің профессоры Кнут Хельскогқа «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалін Президент Тоқаевтың атынан еліміздің осы мемлекеттегі елшісі Еркін Ақынжанов табыстады. Қос ғалым 2000-2006 жылдар аралығында Норвегия Сыртқы істер министрінің қаржылай қолдауымен «Тамғалы» шатқалының тастағы суреттерін сақтау, қорғау жобасына белсенді қатысқан. Соның нәтижесінде Таңбалы археологиялық петроглифтері 2004 жылы ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енді.
Анна-София Хиген, археолог, ғалым:Жартастағы жазуларды, мазарларды көне дәуірдегі адамдар жасағанын көргендегі сезімімді сөзбен жеткізе алмаймын. Ескерткіштің иісі, жабайы қызғалдақтар, қасқырлардың дауысы, таза ауа, шатырда ұйықтаған кездерімді ұмыту мүмкін емес. Тамғалы-менің алғашқы махаббатым. Осындай ғажап мекенді көруге, онда жұмыс істеуге, керемет адамдармен кездесіп, тәжірибе жинауға мүмкіндік бергені үшін Қазақстанға алғысым шексіз.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15