Референдум: 52 шет мемлекетте 65 учаскелік комиссия құрылды
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумға шетелде жүрген отандастарымыз да қатыса алады. Ол үшін 52 шет мемлекетте 65 учаскелік комиссия құрылды. Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері ресми сайттары, әлеуметтік желілеріндегі парақшалары және SMS хабарлама арқылы ел азаматтарына референдум жайлы толық ақпарат таратуда. Оқу, жұмыс бабымен шетелде жүрген қазақстандықтар 5 маусым күні таңғы 07:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін сол елдегі елшіліктер мен консулдықтарға барып, дауыс бере алады.
Рысбек Әлібеков, ҚР Франциядағы елшілігі жанындағы №246 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы:Консулдық тіркеуде 130-ға жуық дауыс бере алатын Қазақстан азаматтары тіркелген. Одан басқа дәл сол кезеңде Парижде Еуропа қазақтарының құрылтайы жоспарланып отыр. Сондықтан референдумда дауыс береміз деп қызығушылық танытып отырған қазақстандықтардың саны көбеюде.
Мұрат Сейітов, ҚР Испаниядағы елшілігі жанындағы №270 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы:Осы референдумға қатысумен Қазақстанның болашағына тікелей үлес қоса алатындықтан азаматтарымыз басым қызығушылық білдіріп отыр. Осыған орай Испанияда 120 шақты сайлаушылар келе жатқан референдумға қатысуды жоспарлап отыр.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01