Шетелдегі сайлау учаскелері референдумға әзір
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумға Қазақстан азаматтары шетелде де қатыса алады. Ол үшін 52 шет мемлекетте 65 учаскелік комиссия құрылды. Қазақстан елшіліктері мен консулдықтары жанынан құрылған учаскелерде қазір референдумға дайындық қызу жүріп жатыр. Оқу, жұмыс бабымен жат жерде тұрып жатқан қазақстандықтар 5 маусым күні таңғы 07:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін дипломатиялық өкілдікке барып, дауыс бере алады.
Тимур Сұлтанғожин, ҚР Бельгиядағы елшілігі жанындағы №241 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы:Шетелдегі дауыс беру процесін уақытылы және толықтай дайындау үшін азаматтарымызды өздеріне жақын сайлау учаскесіне алдын ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне тіркелуді сұраймыз. Қазір Бельгияда ресми консулдық есепте 200-дей адам тұр. Мемлекет басшысының референдум өткізу туралы бастамасына шетелдегі азаматтарымыздың қызығушылығы жоғары екенін ескере отырып, олар белсенді дауыс береді деген үміттеміз.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01