Еуропадағы қазақ жастары саяси өзгерістерді қолдайды
«Конституцияға енгізілетін түзетулер мен толықтырулар демократиялық мемлекет қалыптастырудағы маңызды қадам». Еуропада оқып, жұмыс істеп жүрген қазақ жастары осылай дейді. Қарт құрлықтың озық тәжірибесін игеріп, елге енгізуді көздейтін қыз-жігіттер Референдумға қатысуға құлшынып отыр. Айтуларынша, дауыс берудің нәтижесі-ел болашағының шешуші кезеңі болмақ.
Меруерт Кеңесбаева, Левен университетінің студенті:Ата заңға «жер ресурстары мен пайдалы қазбалар халыққа тиесілі» деп өзгеріс енгізілетіні қатты ұнады. Өлім жазасын алып тастайтыны да дұрыс шешім. Бұдан былай халықтың, жастардың үніне құлақ асатыны, мемлекетті басқаруға қарапайым халықтың араласа алатыны тың өзгеріс. Сондықтан Жаңа Қазақстанды құруға бәріміз атсалысумыз керек.
Дархан Бекмырзаев, Римдегі «Ла Сапиенца» университетінің магистранты:Мен жаңа өзгертулерге сәйкес, Мәжілістің құзыреті кеңейіп, республикалық бюджеттің атқарылу сапасына парламенттік бақылау күшейетініне қуандым. Бұл қаржының талан-таражға түсуіне тосқауыл қояды. Сосын аралас сайлау жүйесі енгізілмек. Бұл барлық азаматтың құқықтарын толық сақтауға, сайлаушылардың мүддесін қорғауға мүмкіндік береді.
Мадина Түсіпова, Франциялық энергетикалық компанияның қызметкері:Қазақстандықтың орташа жасы 27, ал біздің парламентте отыратын адамдар бұрынғы заманның адамдары. Жастар қайда? Неге политикаға бармайды?Бірде-бір, Бағдат Мусиннан басқа жас адамды көріп жатқан жоқпын. Сондықтан бізге көбірек жас, көбірек әйел адам керек.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«WorldSkills Kazakhstan 2025»: Жеңімпаздар марапатталды
09.12.2025, 17:45
«Қайрат» пен «Олимпиакос»: «Qazaqstan» телеарнасы көрсетеді
09.12.2025, 17:42
Мемлекеттік кеңесші «Адал азамат» бағдарламасы жөнінде жиын өткізді
09.12.2025, 17:40
Маңғыстау облысында күн электр станциясы іске қосылды
09.12.2025, 17:37
Түркістан облысында импортты алмастыратын 20 жоба іске асырылады
09.12.2025, 17:35
Жамбыл облысында 30 мектеп 40 жыл жөнделмеген
09.12.2025, 17:33
Павлодар облысында бір реттік көмекті көбі алмаған
09.12.2025, 17:30
Ақмола облысында полицейді ақтық сапарға шығарып салды
09.12.2025, 17:27