ТМД Экономикалық кеңесінің отырысы өтті
ТМД ұйымына қатысушы елдер орман өнеркәсібі мен шаруашылығы саласында ынтымақты нығайтады. Орман қорын молайту, трансшекаралық өрттерге, заңсыз ағаш кесуге, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күресте бірлесіп жұмыс істейді. 2025 жылға дейін атқарылатын жұмыстардың жоспары да жасалды. Бұл туралы Елордада өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің 94-ші экономикалық кеңес отырысында айтылды. Жиында экономикалық ынтымақтастықтың түрлі бағыттары талқыланды. Былтыр бірлескен жалпы ішкі өнім 4,7% өскен. Кездесуде ТМД мемлекеттеріндегі қазіргі экономикалық жағдай мен қиындықтарға бірлесіп төтеп беру жолдары да қаралды.
Бақыт Сұлтанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі:
Қалыптасқан жағдайда біздің экономикаға теріс әсерлерге қарсы шаралар қабылдау туралы тиісті тізім бекітілген болатын. Ол туралы наурыз айындағы отырыста әзірлеу туралы келісімге келдік. Сондықтан мамандар 2-3 айдың ішінде осы құжатты шығарып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01