Алматыда қантқа сұраныс артты
Алматыда қантқа сұраныс артты. Бұл жаз мезгіліне орай түрлі тосап, тәтті шырын әзірлеумен байланысты дейді қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мамандары. Сондықтан қалаға жеткізілетін қант мөлшері көбейтілді.
Бұған дейін мегаполиске күніне 250 тонна қант жіберілетін. Қазір ірі сауда орындарында құмшекер келісі 445 теңгеден сатылуда. Одан бөлек бір қолға 5 кг артық берілмейді. Мамандардың айтуынша, бүгінде қоймаларға 5 мың тонна қант жеткізіліп жатыр. Қыркүйек айында Ақсу қант зауытының ашылуы жоспарланған. Өндіріс іске қосылса, Алматыға 10 мың тонна қант жеткізілмек.
Ерлан Омаров, Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары:
Бұл қоймаға күніне 300-ден 500 тоннаға дейін қант жеткізіліп тұрады. Айына 5 мың тонна жөнелтеміз. Мұның сыртында өндірушілердің тікелей сатып алушыларға жеткізуі бар. Қазір Алматы қаласына қант дер кезінде тасымалданып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01