Ұлттық экономика министрі шығындарды азайтып, қаржыны барынша үнемдеуге кеңес берді
Ұлттық экономика министрі шығындарды азайтып, қаржыны барынша үнемдеуге кеңес берді. Өйткені жұрт тапқан табысының жартысын қымбаттаған азық-түлікке жұмсайды. Әлібек Қуантыровтың айтуынша қазір бұл жаһандық мәселе. Яғни қымбатшылық еуропа елдеріне бастап, АҚШ, Ресей және орталық Азия елдері тұрғындарының қалтасын қағып жатыр. Министрдің айтуынша бұған о баста пандемия, кейіннен геосаяси ахуал себеп. Санкциялар мен түрлі шектеулердің кесірінен тауар тасымалы қиындап, баға көтеріліп келеді. Десе де жағдай жақында тұрақталады деген ол, халыққа мынадай кеңес берді.
Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:
Ақшаны мүмкіндігінше үнемдеген дұрыс. Яғни отбасылық бюджетті дұрыс жоспарлап, шығындарды азайту қажет. Мұндай кезеңдерді бұған дейін де бастан кешірдік. Өйткені экономика солай. Кез-келген жағдай бірден теріс әсер етеді. Қазір инфляцияның жоғары шегіне жеткен жоқпыз. Десе де жағдай бір-екі ай бұрынғы кезбен салыстырғанда жақсы. Жағдай жақында тұрақталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01