Мәжіліс депутаты қант тапшылығы мәселесін шешудің жолдарын ұсынды
Мәжіліс депутаты қант тапшылығы мәселесін шешудің жолдарын ұсынды. Фахриддин Қаратаевтың айтуынша төрт ай бұрын басталған қант мәселесі әлі дүрбелең тудырып отыр. Тіпті тәтті өнім жыл басынан бері 61 пайызға қымбаттаған. Әлеуметтік маңызы бар тауардың бағасы тағы көтерілсе, ел ішінде үлкен дау-дамай тууы мүмкін дейді депутат. Сол үшін мәселені шұғыл шешуге шақырды. Айтуынша қазір мемлекеттік жеңілдікпен 350 мың тонна қант әкелу көзделген. Бірақ бұл аз дейді. Өйткені халықтың тұтыну көрсеткіші әлдеқайда жоғары. Сондықтан импорт көлемін 600 мың тоннаға арттыруды ұсынып отыр.
Фахриддин Қаратаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Шағын және орта кәсіппен шұғылданушылар өздерінің кондитерский цехтарын жауып, жұмысын тоқтатып жатқан жерлерді көріп біліп отырмыз. Сондықтан көтеріп отырған мәселеміз тауар өндірушілерге көбірек көңіл аудару мәселесі.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01