Үздік журналистерге Мемлекет басшысының сыйлықтары мен гранттары табысталды
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында үздік журналистерге Мемлекет басшысының сыйлықтары мен гранттары табысталды. Биыл Ұлттық арнаның директоры, белгілі журналист Еркін Таңатқанұлы "Қазақстан журналистикасының және бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына қосқан үлесі" үшін Президент сыйлығымен марапатталды. Сонымен қатар радио саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақ Радиосының бас редакторы Дулат Абибуллаев та сый-сияпатқа ие болды. Бұдан бөлек Ұлттық арнаның эфирінен шығатын «Ашық Алаң» ток шоуы мен «Астана» радиосының ұжымына елеулі еңбектері үшін, Президенттің алғыс хаты табысталды. Сондай-ақ, осы аптада «Аманат-2022» медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Биылғы байқауға қазақ журналистикасының жампозы Шерхан Мұртаза мен Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» атты арнайы аталым қосылған. Бұл жүлдені Ұлттық арнаның Ақпараттық сараптамалық бағдарламалар дирекциясының басшысы Жалғас Сәдібекұлы иеленді.
5//Әріптестерімізді марапатпен құттықтаймыз. Бұл апта осылай есте қалмақ. Келесі жексенбі жүздескенше, аман-сау болыңыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері өңірге 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08