Қазақстанда мұнай тасымалы артады
Биыл Ақтаудан Баку-Тбилиси-Жейхан құбыры арқылы 1,5 млн тонна мұнай экспорттау жоспарланып отыр.
Энергетика министрлігінің қоғамдық кеңесі отырысында осы мәселе талқыға түсті. Мұнай-газ саласының сарапшысы Абзал Нарымбетов күзде Ақтау-Батуми жолымен тағы 1,5 млн тонна шикізат тасымалданатынын хабарлады. Ал жалпы 2025 жылға дейін Баку-Тбилиси-Джейхан, Батуми, Иран бағытына қарай 20 млн тонна қара алтын экспорттау көзделген.
Алайда бұған үлкен инвестиция қажет. Әсіресе Ескене, Теңізден – Ақтау, Құрық құбырына, Бакудегі ауыстырып тиеу терминалына қаржы керек. Ал қазір Әзербайжан жеңіл мұнайды ғана қабылдауға дайын. Теңізшевройлдың күкіртті мұнайы бұл тасымал үшін жарамайды.
Абзал Нарымбетов, мұнай-газ саласының сарапшысы :
Көбісі Баку-Тбилиси-Джейхан арқылы мұнай жөнелту КТК-ға қарағанда 3-4 есе қымбат дейді. Ал енді Атырау-Самара арқылы жіберіп жатқан мұнайымыз жылда 11 млн тоннадай. Ол urals арқылы сатылады. Оны нарықта 30 процент арзан бағада сатып жатырсыз. Ал Баку-Тбилиси-Джейхан тариф ретінде әлдеқайда арзан. 0:36 Ортадағы пайда қалады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01