Зеленскийдің үндеуі: Елді Еуроодаққа тезірек қосуға шақырды
Украина президенті Владимир Зеленский парламентке үндеу жолдады. Ол депутаттарды елді Еуроодаққа қосу үшін қажет шараларды тезірек қабылдауға шақырды. Еуропа лидерлері Украинаға мүшелікке кандидат мәртебесін берген еді. Осылайша 27 елден тұратын аймақтық блокқа өтуіне ресми түрде жол ашылып отыр. «Біздің одаққа кіруіміз ондаған жылға созылмай, мейлінше тез аяқталуы керек», - дейді Зеленский. Айта кетсек, өткен түні Одессаға жасалған шабуыл құрбандарының саны 19-ға жетіп, тағы 30 шақты тұрғын жараланды. Ресейлік зымырандар 9-қабатты үй мен екі демалыс базасына құлаған. Зардап шеккендердің арасында балалар да бар. Мәскеу болса, Ресей армиясының Украинада азаматтық нысандарды қиратқанын жоққа шығарып отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті
21.09.2026, 10:06
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған
21.09.2026, 09:59
Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
21.09.2026, 09:58