Еуропада маймыл шешегін жұқтырғандар үш есе көбейді
Еуропада маймыл шешегі өршіп барады. Соңғы екі аптада індетті жұқтырғандар саны үш есеге көбейген. ЕуроОдаққа мүше мемлекеттер келесі аптадан бастап індетке қарсы күресті күшейтпек. Қарт құрлықтағы соңғы ахуалды әріптесім Нұрсұлу Қасымнан білейік.
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бүгінде әлемнің 51 елінде маймыл шешегі аурына шалдыққан 4500 мыңнан астам адам тіркелген. Індетті жұқтырғандардың 90 пайызы Еуропаның 31 мемлекетіне тиесілі. Науқастардың 99 пайызы – 21 бен 40 жас аралығындағы ер азаматтар. Әзірге өлім-жітім тіркелген жоқ. Індетті жұқтырғандар 2-3 апта оқшауланып, ем қабылдап жатыр.
Еуроодаққа мүше мемлекеттер келесі аптада маймыл шешегіне қарсы вакцина салуды бастайды. Еуропалық комиссия даниялық компания шығарған індетке қарсы екпенің 110 мың дозасын сатып алу туралы келісімге қол қойды.
Жалпы, қарт құрлық ғалымдары маймыл шешегінің бұл түрі бұрынғыларға қарағанда 15 есе тез мутацияға ұшырайтынына алаңдап отыр.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01