Пәкістанда жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласты
Пәкістанның Карачи мен Хайдарабад қалаларында төпелеп жауған жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласты. Көшелер көлкіген суға толып, қозғалыс қиындады.
Осыған байланысты Синдх провинциясының әкімшілігі мемлекеттік демалыс жариялады. Сондықтан Карачиде мектептер, кеңселер, сауда орындары уақытша жабылды. Дегенмен, жергілікті тұрғындардың айтуынша, билік апаттың зардабын азайту үшін су соратын машиналар мен қорғаныс құралдарын қолданбай отыр.
Құрбандар мен жараланғандар туралы мәлімет түскен жоқ. Пәкістан Метеорологиялық департаменті болса, бұл аймақта ертең де нөсер құйып, тасқынның күшеюі мүмкін екенін ескертті.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті
21.09.2026, 10:06
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған
21.09.2026, 09:59
Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
21.09.2026, 09:58