Жол апаты: Жүргізуші көлік тізгінін 17 жасар балаға берген
Алматы-Екатеринбург бағытында 8 адам көз жұмған жантүршігерлік жол апатының себеп-салдары анықталды. Апат 16 шілдеде Қарағанды облысының аумағанда болған еді. Шағын автобустың жүргізушісі ұзақ жолда қатты шаршағандықтан, тізгінді 17 жастағы балаға берген болып шықты. Ол шамамен 200 шақырым жүріп өтіп, Балқаш қаласына жақындағанда қарсы бағыттағы ауыр жүк көлігіне соғылған. Апаттың салдарынан шағын автобустың жүргізушісі және тағы 7 адам сол жерде көз жұмды. Ауыр жарақат алған 9 адам ауруханаға жеткізілген еді. Автобуста барлығы 17 жолаушы болған. Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01