Павлодарда ауыл әкімдері орман өрті кезінде жедел әрекет етпегені үшін жазаланады
Павлодар облысында екі ауылдың әкімі орман өртенген кезде дер кезінде әрекет етпегені үшін жазаланады. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы Башмачное және Железин ауылдарының әкімдіктерінен 3 миллион теңге шығынды өтеу туралы талап-арызды сотқа жолдады. Заң бойынша дала өртеніп орманды шарпыса сол жердің иесі жауап беруі тиіс. . Ал өрттің шығуына кінәлілер анықталмай, орман қорғау мекемелері мен жергілікті әкімдіктердің отты сөндіруге әркет етпегені дәлелденсе шығын солардан өндіріледі. Жалпы биыл Кереку өңірінде 949 гектар жер отқа оранды, оның 160 гектары орманды алқап. Тілсіз жаудың салдарынан 47 миллион теңгеге жуық шығын келген. Мамандар өрттің шығуын құрғақшылық пен найзағай отынан көріп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01