Көкшетауда елордалық оқушы синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен ұсталды
Оны тінту барысында ақ түсті ұнтақ тәрізді 17 орама табылды. Бұл әрқайсысы шамамен 8 грамм болатын мефедрон препараты. Бұдан бөлек, есірткі салған орындарды суретке түсірген ұялы телефон тәркіленді.
Сол арқылы ұсталған күні синтетикаларды қойған орындар анықталып, барлығы 118 орама қалташа алынды.17 жасар жеткіншек маусым айында жеткізуші ретінде жұмысқа орналасқан, кейін әлеуметтік желі арқылы Нұр-Сұлтан мен Көкшетау қалаларының аумағында есірткі салу жөніндегі нұсқаулықтарды алып жүрген. Ол заңсыз әрекеті үшін төлемді криптовалюта түрінде алған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01