Павлодарда балабақша қызметкері баланы соққыға жыққан
Павлодарда балабақша қызметкері баланы соққыға жыққан. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрда тәрбиешінің көмекшісі баланы төсекке күштеп жатқызып, оны қолымен бірнеше мәрте ұрғаны байқалады. Баланың денесі көгерген. Қалалық білім бөлімінің мәліметінше оқиға Павлодардағы №4 балабақшада болған. Бүлдіршінге қол көтерген қызметкер қазір жұмыстан қуылды. Іс құқық қорғау органдарына жолданған. Ал, балабақша басшысының міндетін атқарушыға сөгіс жарияланды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01