АҚШ-тың Федералды тергеу бюросына шабуыл жасалды
АҚШ тың Огайо штатында Федералды тергеу бюросына оқ атылған. Ғимаратқа баса көктеп кіруге әрекет жасаған күдікті әрекетін жол патрульдік полициясы кесті. Мылтықпен және тапаншамен қаруланған адам әуелі нысанға қарай оқ атқан. Бюро қызметкерлері қарсы қару кезенген соң оқиға орнынан қашып кеткені белгілі болатын. Жол полициясы оны трассада бөгеп, қаруын тастауды талап еткенімен нәтиже шықпаған. Атыс кезінде күдікті алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Оның не себепті оқ атқаны әзірге белгісіз. Десе де шабуыл Дональд Трамптың тергеуімен тікелей байланысты болуы мүмкін. Себебі Федералды тергеу бюросының қызметкерлері осы аптада оның үйін тінтіген соң желіде экс-президенттің жақтастары тарапынан қоқан-лоққы көбейген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01