Елде қарызын қайтармайтын борышкерлер көбейген
Несие тарихы туралы ақпарат енді 15 күнде емес, 1 жұмыс күні ішінде берілуі керек. Бұл туралы қазан айында күшіне енетін жаңа ережеде жазылған. Сонымен бірге микронесие мен айыппұл мөлшеріне де шектеу енгізіледі. Айыппұл мен өсімпұл кредит сомасының 50%-нан аспауы қажет. Жаңа талап борышкерлерге талапты күшейтпеді. Тек қарыздың шамадан тыс көбейіп кетпеуін қадағалайды. Несие сомасынан бөлек, азаматта табыстың жартысы немесе ең төменгі күнкөріс деңгейіне шаққандағы ақша қалуы тиіс. Сарапшылар бұның қаржы нарығында тең бәсекелестік қалыптастыруға себеп боларын айтады. Себебі қазір елде уақытында қайтарылмаған тұтынушылық несие 3,6%-ға көбейген, ал микроқаржы ұйымдарына қарызын қайтармай жүргендер шамамен 9 пайызға өскен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза Қазақстан»: 400-ден астам адам экологиялық тазалық акциясына қатысты
07.08.2026, 17:15
БҚО-да спорттық-құқықтық форум өтті
07.08.2026, 17:14
Сыр өңірінде құрылыс қарқыны жеті есеге ұлғайды
07.08.2026, 17:13
СҚО-да сүт фермасы іске қосылды
07.08.2026, 17:12
Түпқарағанда балық шаруашылығы дамып келеді
07.08.2026, 17:09
Ел жаңалықтарына шолу
07.08.2026, 17:08
ҚФФ Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкерін таныстырды
07.08.2026, 17:07
Таиландта мектептегі атыстан 7 адам қаза тапты
07.08.2026, 17:06