СҚО-да сүт фермасы іске қосылды
Солтүстік Қазақстан облысында Орталық Азиядағы ең ірі сауу кешені бар сүт фермасы іске қосылды. Мағжан Жұмабаев ауданында орналасқан мегаферманың алғашқы кезеңі пайдалануға берілді. Тың технология мен заманауи өндіріс тоғысқан кешен 12 мың бас ірі қараға арналған. Мұнда бір мезетте 100 сиырды саууға мүмкіндік беретін Орталық Азиядағы ең ірі қондырғы орнатылған. Жалпы құны 30 млрд теңге болатын жоба, толық іске қосылғанда 120-дан аса адамды жұмыспен қамтиды. Фермаға Германиядан 550 бас асыл тұқымды ірі қара жеткізілді. Ал жыл соңына дейін Еуропа елдерінен тағы 660 бас сиыр әкелу жоспарланып отыр. Бүгінде өңірде 118 сүт-тауарлы ферма жұмыс істейді. Оның жартысына жуығы автоматтандырылған «ақылды» кәсіпорын форматына көшкен. Жалпы Солтүстік Қазақстанда сүтті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында құны 144 млрд теңгеден асатын 44 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы