Әзербайжанда 145-ке жуық Қазақстан компаниясы жұмыс істейді
Былтыр Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 332 млн АҚШ долларын құрады. Елімізде көрші елдің капиталы бар 500-ден астам компания тіркелген. Ал Әзербайжанда 145-ке жуық Қазақстан компаниясы жұмыс істейді. Бұл туралы екі ел арасында құрылған сарапшылар кеңесінің алғашқы отырысында айтылды. Қос ел мұнай-газ, өнеркәсіптік кооперация, көлік және логистика, жасыл энергетика, ауылшаруашылық саласында серіктес. Құрылған кеңес екіжақты қарым-қатынастың дамуына, бірлескен жобалардың іске асуына, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуге ықпал ететін алаңға айналады дейді сарапшылар.
Еркін Тұқымов, Стратегиялық зерттеулер институтының директоры:
Әзербайжан – Қазақстан үшін өте маңызды одақтас, стратегиялық серіктес. Біз Әзербайжан арқылы Еуроодақ пен Таяу Шығысқа шыға аламыз. Осындай күрделі жағдайда сарапшылардың пікір алмасуы өте маңызды деп санаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза Қазақстан»: 400-ден астам адам экологиялық тазалық акциясына қатысты
07.08.2026, 17:15
БҚО-да спорттық-құқықтық форум өтті
07.08.2026, 17:14
Сыр өңірінде құрылыс қарқыны жеті есеге ұлғайды
07.08.2026, 17:13
СҚО-да сүт фермасы іске қосылды
07.08.2026, 17:12
Түпқарағанда балық шаруашылығы дамып келеді
07.08.2026, 17:09
Ел жаңалықтарына шолу
07.08.2026, 17:08
ҚФФ Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкерін таныстырды
07.08.2026, 17:07
Таиландта мектептегі атыстан 7 адам қаза тапты
07.08.2026, 17:06