Түркияға теңіз жолы арқылы Украинадан 600 мың тоннадан аса дәнді дақыл тасымалданған
Түркияға теңіз жолы арқылы Украинадан 600 мың тоннадан аса дәнді дақыл тасымалданған. Бұл Украина порттарында жиналып қалған өнімдерді тасымалдау туралы төртжақты Ыстамбұл келісіміне қол қойылған соң жүзеге асты. Түркия қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес тасымалдау жұмыстарына 43 кеме тартылған. 25-і Украина порттарынан шықса, 18-і әлемнің өзге елдерінен барған. Аталған келісім аясында бүгінге дейін Украина порттарындағы миллиондаған тонна астықтың 26 пайызы Түркия арқылы өзге елдерге шығарылды. Бұл әлемде астық бағасының төмендеуіне, тиісінше азық-түлік дағдарысын тоқтатуға септігін тигізді. Кеше ғана Львовта кездескен Түркия мен Украина Президенттері астық тасымалының нәтижелі екенін растады.
Нуман Куртулмуш «Ак партия» төрағасының орынбасары:
Астық экспорттаушы ең үлкен екі ел арасындағы қақтығыстан әлемде азық-түлік дағдарысы тереңдеп кетті. Екі тараппен де мәмілеге келе алатын, БҰҰ-мен келіссөз жүргізе алатын ел қажет болды. Осы орайда Түркия бұл түйіннің шешілуіне септігін тигізді. Нәтижесінде әлем дағдарыстан аман қалды.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза Қазақстан»: 400-ден астам адам экологиялық тазалық акциясына қатысты
07.08.2026, 17:15
БҚО-да спорттық-құқықтық форум өтті
07.08.2026, 17:14
Сыр өңірінде құрылыс қарқыны жеті есеге ұлғайды
07.08.2026, 17:13
СҚО-да сүт фермасы іске қосылды
07.08.2026, 17:12
Түпқарағанда балық шаруашылығы дамып келеді
07.08.2026, 17:09
Ел жаңалықтарына шолу
07.08.2026, 17:08
ҚФФ Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкерін таныстырды
07.08.2026, 17:07
Таиландта мектептегі атыстан 7 адам қаза тапты
07.08.2026, 17:06