БҚО-да мемлекеттік қызметкер 40 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері 40 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді. Аудит бөлімінің бас маманы салық төлеуден жалтару деректерін экономикалық тергеу департаментінен жасырып қалған. Осы үшін салық төлеушіден қомақты сыйақы алған. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді. Тергеу аяқталып, материалдар сотқа жолданды. Күдікті қызметкер пара көлемінің 80 еселенген мөлшерінде айыппұл арқалауы немесе 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Әсел Берқалиева, облыс прокурорының аға көмекшісі:
БҚО прокуратурасы облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Аудит басқармасының аудит бөлімінің бас маманына қатысты ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 366-бабы 4-бөлігі, яғни пара алуға оқталу, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның аса ірі мөлшерде ақша түрінде пара алуы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен айыптау актісі жасалды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01